Әлем

Зеленский соғыстағы жетістіктерін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина президенті Владимир Зеленский Украина армиясының табыстары Лиманды қайтарумен шектелмейтінін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Зеленский жексенбі күні сөйлеген сөзінде: «Донецк облысындағы Лиманды азат ету оқиғасы қазір БАҚ-та ең танымал оқиғаға айналды», - деді.

Сондай-ақ Зеленский Украина армиясы азат етілген аумақтарға мемлекеттік туды ілгенде Ресейдің ол жерде өткізген «референдумдарын» ешкім есіне түсірмейтінін айтты.

«Мен күн сайын, кемінде екі рет біздің әскерилерден хабар алып отырмын. Осы аптада біздің қорғаныс операциясы аясында жаудан азат етілген елді мекендердің тізімі көп аймақпен толықты», - деді ол.