Саясат

Ең төменгі жалақыны көтеру үшін қанша қаражат бөлінеді?

275 мың жұмысшының жалақасы көтерілетін болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов Президент Жолдауында айтылған міндеттерді орындау үшін 1 триллион 288 миллиард теңге бөлінетінін айтты,-деп хабарлайды Bugin.kz, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алдағы үш жылда Президенттің Жолдауындағы міндеттерді орындауға 1 триллион 288 миллиард теңге қарастырылған, яғни ең төменгі айлық жалақыны көтеру үшін 85,8 миллиард теңге бөлінеді. Тиісінше, бұл қаражат 275 мың қызметкердің айлығын өсіруге бағытталады. Өңдеу өнеркәсібі мен экспортты ілгерілету үшін 500 миллиард теңге бөлінеді. Ол қаражаттың 322 млрд теңгесі – Ұлттық қор мен Республикалық бюджеттен бұрын бөлініп, қайта пайдаланылып жатқан қаражат. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін үш жылдың ішінде 90 миллиард (яғни, жылына 30 миллиард теңге) бөлу қарастырылған, – дейді министр бүгінгі Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Сонымен қатар ведомство басшысы алдағы бес жылда “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында 2 миллион адамды үймен қамту үшін 77 миллион шаршы метр баспана салынатынын, әрі қосымша жалға берілетін үйлердің құрылысына 30 миллиард теңге бөлінетін мәлімдеді.

Бұл 250 мың отбасының тұрғын үй мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Білім нысандарын салу үшін үш жылда 50 млрд теңге бөлу көзделген. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар мектептегі психологтардың жұмысын күшейтуге 16,8 миллиард теңге қарастырылады. Ол үшін жылына 5,6 миллиард теңгеден бөлінбек, – дейді министр.

Әлихан Смайылов агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін үш жылдың ішінде 300 миллиард теңге (жылына 100 миллиард теңге) бөлінетінін айтты.

Еске сала кетейік, 5 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жария еткен еді.