Әлем

Жапония КСРО-ны қалай алдаған?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кеңес Одағының кезіндегі Жапонияның оғаш саудалары туралы аңыздар көптеп кездеседі. Соның бірі – Жапонияның КСРО-дан миллиондаған тонна сынық бөтелкелер сатып алғаны. Жапония үкіметі неліктен мұндай «ақылға қонымсыз» сауда жасаған? Сауда жапониялықтарға қалай тиімді болған?

Жапондықтар   Кеңес Одағына шыны сынықтарын сатуды ұсынады. КСРО тауарларды арзан бағамен жеткізуге қуана келіседі. Себебі бұл қажетсіз қоқыстардан арылуға және одан ақша табуға мүмкіндік беретін фактор еді. КСРО сынық шыныларды жылдам тиеп, тұтынушыларға жеткізеді.

Жапондықтар жеткізілген шыны үшін серіктестеріне ақысын төледі. Бірақ сынған  бөтелкелерді теңізге лезде төгіп, бірден құтылады. Бұл шыны ыдыстарды қайта өңдеудің арзан әрі экологиялық таза тәсілі еді.

Мәміленің мәні батыстағы көршіге ақшамен көмектесіп, артық қоқыстан арылту емес еді. Жапондарды шыны емес, оны тасымалдайтын қораптар қызықтырады. Қаптама Жапонияда өспейтін және ол жақта жетіспейтін жоғары сапалы балқарағайдан жасалатын еді.

Алғашында жапондықтар Кеңес Одағымен ағаш жеткізу туралы келіссөздер жүргізуге тырысқан екен. Бірақ КСРО ресурстардың бағасын жоғарылатып, Жапонияға қаржылай тиімсіздік туындатады. Содан жапондар қулыққа барып, орыстарға шыны сынықтарын сатуды ұсынды. Бұл оғаш мәміле сол кезде Одақ көлемінде тиімді деп саналды.

Мақсатына жеткен жапондықтар жүкті қабылдап, теңізге ағызып отырды. Ондаған жылдан соң, шыны сынықтар теңіз толқынының екпінімен өңделіп, мөлдір тастарға айналады. Шыны қалдықтар әлі күнге дейін Жапон және Сахалин жағалауларында жатыр.

Жапондықтар шыны тасылған контейнерді тақталарға бөлшектеп тастайды. Алынған ағаш жиһаз құрастыру үшін пайдаланылады.

Бұл жапондардың Кеңес Одағымен жасаған жалғыз қызықты келісімі емес. Олар күрек, балта, жүз және басқа құралдарды батыстағы көршілерінен жаппай сатып алады.

Бірақ алынған тауарлар ешқашан мақсатына сай пайдаланбаған. Сауда кеңес үкіметі арзанға сатқысы келмеген жоғары сапалы кеңес болатына қызығушылықтан туындаған. Ал кеңестік өндірушілер ресурсын бермесе де, тауарларды беруге келісетін. Тауар қалыбындағы материалдар жапондар үшін бірнеше есе арзан еді.

Жапондықтар ресурсты осылайша тиімді алуға болатынын түсінеді. Олар сатып алған заттарын бөлшекке бөліп, керегіне қолданған. Кеңестік балға мен балталардан жапондықтар өнім жасап, Кеңес одағына әлдеқайда қымбат бағаға сататын.