Саясат

"Бұл лауазымның төмендеуі" Дәленов Әбілқасымованың жаңа қызметі жайлы пікір айтты

Руслан Дәленов жаңа орынбасары туралы пікір айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ведомствоның бірінші вице-министрі Мадина Әбілқасымованың тағайындалуына қатысты пікір білдірді.  Руслан Дәленов жаңа орынбасары қандай мәселелермен айналысатынын айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

"Барлық вице-министрді үкіметтегілер тағайындайды. Әбілқасымова ханым осыған дейін Ұлттық экономика министрлігінде жұмыс істеді, халықаралық блок мәселелерімен айналысты. Ол жұмыспен қазір біздің министрлікте де айналысып жатыр. Мен әріптестерімнің қызметіне қатысты пікір білдіре аламын, бірақ қоластымдағылардың қызметіне қатысты пікір айта алмаймын, түсінесіздер ғой? Мен олардан жұмыстың орындалуын талап етемін. Болды!", - деді ұлттық экономика министрі.

Сонымен бірге, Дәленов министрлердің басқа қызметтерге ауысып жатқанына байланысты олардың жалақысы өзгеретінін айтып өтті.

"Жалақы арнайы кесте бойынша реттеледі. Министрлерге қарағанда вице-министрлердің жалақысы төмен болады. Бұл лауазымның төмендеуі", - деді Дәленов. Еске салайық, кеше, 12 наурызда Мадина Әбілқасымова жаңа қызметке тағайындалған болатын.

"ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды", - делінген еді үкіметтің сайтында.