Технология

ESnet6: Әлемдегі ең жылдам интернет

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлемдегі ең жылдам esnet6 интернет желісі қазір 46 Тбит/с жылдамдықпен жұмыс істей бастады деп хабарлайды Bugin.kz  порталы. 

АҚШ-тағы ең жылдам интернет желісі бұрынғыдан да жылдамырақ бола бастады. Energy Sciences Network (Efnet) желісі ESnet6-ға жаңартылды. Бұл дегеніміз енді ол секундына 46 Тбит/с қабілетті.

ESnet  түпнұсқа желісі  1986 жылы АҚШ-тағы энергетика министрлігінің (DOE) әртүрлі зертханаларындағы ғалымдарына көмектесу үшін құрылған. Ол сол салада істейтін мамандарға өңделмеген деректердің үлкен көлемімен жылдам бөлісуге мүмкіндік берген еді.

Өткен онжылдықтарда желі бірнеше рет жаңартылды, ол ғылыми тәжірибелерден алынған деректердің үлкен көлемін мамандар бір-біріне жіберіп, алмасуды оңайлату үшін  жасалынды. Тек 2021 жылы желі арқылы 1,1 эксабайт көлеміндегі деректер жіберілген.

ESnet6  желісі бүкіл ел бойынша 24000 км талшықты-оптикалық кабельдерден тұрады, олардың әрқайсысы 400 Гбит/с-тан 1 Тбит/с-қа дейінгі жылдамдықпен деректерді жібере алады.

Бұл қазірдің өзінде әлемдегі ең жылдам интернет желісі болып отыр, ол секундына 46 Тбит/с дейінгі өткізу қабілеттілігімен одан сайын көш бастап тұр.

Ең қызығы, бұл интернет желісінің рекордтық жылдамдығы емес, себебі ең тез жылдамдық Жапониядағы интернетте тіркелген, ол секундына 1 петабитке (Pbps)  (1000 Тбит/с) жеткен. Алайда ол тұрақты интернет емес, тәжірибе жүргізгенде тіркелген болатын.

Өзімізге түсінікті болу үшін салыстырып қарасақ, егер сіздің интернет жылдамдығыңыз ондаған немесе жүздеген Мбит/с-пен өлшенсе, онда ESnet6 интернет желісі секундына 46 миллион Мбит/с жылдам жұмыс істейді.