Weekend

Димаштың The World's Best байқауынан шығып кетуіне не себеп болды?

Ол Adagio композициясын орындаған болатын.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Танымал әнші Димаш Құдайберген америкалық The World's Best шоуынан кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Димаш Құдайберген шоуда Adagio композициясын орындаған болатын. Әнші осы әнді орындаған соң мәлімдеме жасап, судьяларды таңғалдырды. Димаш Құдайберген шоуға қатысудан бас тартып, қазылар алқасынан оны түсінуін сұраған.

Димаштың айтуынша, ол бұл шоуда балалармен жарысқысы келмейді. Осылайша, енді осы байқаудың финалына қазақстандық Данэлия Төлешова мен Үндістаннан келген Лидиан Надхасварам қатысады.

The World's Вest - CBS арнасындағы талантты адамдар туралы телебағдарлама. Төрешілер арасында танымал актриса Дрю Бэрримор, әнші Фэйт Хилл және актер Ру Пол бар, сонымен қатар, жүргізуші - британдық күлдіргі Джеймс Корден. Соңғы шешімді үш бас төреші мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген 50 сарапшы қабылдайды.