Bugin

Каспий теңізі жағалауынан өлі итбалықтар табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Каспий теңізінің жағалау бөлігінен 100-ден аса өлі Каспий итбалықтары табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының баспасөзіне сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, өлі итбалықтар Баутино ауылы мен Форт-Шевченко қаласы арасындағы ауданда табылған. Итбалықтардың жаппай қырылуы жайлы хабарлама 7 қарашада сағат 19.30-да Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығына келіп түсіп, мамандар сол жерге жөнелтілген.

Қазіргі таңда жағалау аймағын зерттеу жалғасуда. Облыс әкімдігі және ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті орнын жинау үшін қызметкерлер мен көлік бөлді.

«8 қарашадағы жағдай бойынша (17:00) әр жерде орналасқан 101 өлі итбалық табылды. Қазіргі уақытта жануарлардың қалдықтары ыдыраған күйде жатқандықтан, тіндердің үлгілері өлімнің себептерін анықтау үшін зертханалық зерттеуге жататындығы анықталуда», - деді Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығының директоры Әділхан Товасаров.

Қазіргі уақытта Орталықтың мамандары балық шаруашылығы комитетімен бірлесіп, Каспий теңізінің басқа да учаскелерін зерттеп жатыр.

Зертханалық зерттеулер жүргізу үшін итбалықтардың өлген жерінен су мен топырақ сынамалары да алынады.