Bugin

Елордада тұрғын үйлер жылусыз қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Астана қаласының Сарыарқа ауданында жылу беру құбыры жарылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«КамАЗ жүргізушісі мұнара кранының құрылымын тасымалдау кезінде сыртқы магистральдық жылу беру трассасын зақымдады. Салдарында Сарыарқа ауданы, Ы.Дүкенұлы көшесі, 30-үйдің маңында құбыр жарылды. Зақымданған аумақты оқшаулаумен «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның жедел мобильді топтары айналысып жатыр»,- деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Әкімдік ақпараты бойынша, бірқатар әкімшілік нысандар мен тұрғын үйлер жылудан ажыратылған. Жоспарға сәйкес қалпына келтіру жұмыстары 5-8 сағат көлемінде жүргізіледі.