Bugin

«Google» компаниясы қазақ баласын жұмысқа шақырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әли Жүсіпов Еуразия ұлттық университетінің механика-математика факультетін математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығы бойынша тәмамдаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Ол Google компаниясынан шақыру алып, биылғы қыркүйек айынан бастап Цюрихтегі кеңсесінде бағдарламашы-құрастырушы болып жұмыс істеп жатыр.

Әли бұған дейін Яндексте тағылымдамадан өтіп, сонымен қатар «Сбер» компаниясында бағдарламашы-әзірлеуші ретінде еңбектеніп үлгерді.

Дарынды студент ЕҰУ-да оқыған жылдары бағдарламалау саласы бойынша көптеген халықаралық олимпиада мен жарыстарда жеңімпаз атанып, сондай-ақ шахмат пен баскетболға әуес болды.

https://www.inform.kz/

Бүгінде ЕҰУ түлектерінің көпшілігі отандық және шетелдік IT-компанияларда табысты еңбек етіп жүр.

ЕҰУ механика-математика факультеті бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша 15 білім бағдарламасы аясында жоғары білікті мамандарды даярлайды.