Экономика

Вице-министр жұмыс істегісі келмейтін жалқау отбасыларға көмек берілмейтінін айтты

Мәселе

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президенттің тапсырмасы бойынша аз қамтылған отбасылардың кірісін санау кезінде жәрдемақының төрт түрі есептелмейді. Бұл туралы мәжілістің пленарлық отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светалана Жақыпова айтып берді.

Жақыпованың айтуынша, Елбасының тапсырмасымен осы мәселе қарастырылуда. 

Ол жәрдемақының 4 түрі есептелмеуі мүмкін екендігін алға тартты.

Вице-министр көп балалы отбасыларға, "Алтын" және "Күміс алқа" иегерлеріне берілетін мемлекеттік жәрдемақы, мүгедек балаларға қарастырылған төлем және шәркіртақы да кіріске жатпайтынын айтты.

Сәуірден бастап 832 мың көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға берілетін жәрдемақы үшін биыл бюджеттен 94 млрд теңге қарастырылған.

Төлемді күнкөрісі қиын отбасылар алады. Вице-министр азаматтар мемлекеттік жәрдемақыға иек артып, масылдыққа жол бермейді деп санайды.

Вице-министрдің сөзінше, жұмысқа қабілетті азаматтың отбасысы атаулы әлеуметтік көмек ала алмайды.

Жақыпова олар ұсынылған жұмыстан бірінші рет бас тартса, төлемнің 50 пайызынан, ал екінші рет жәрдемақыдан мүлде қағылатынын ескертті.

Ол әр балаға берілетін жәрдемақы төлене беретінін жеткізді.  

"Егер жалғызбасты ана 4 бала өзі бағып отырса, балалары 20 789 теңгеден алады. Өзі балаға күтім жасап отыр ғой, ол анаға да 20 789 теңге төленеді. Жалғызбасты ана бір баламен отырса, екеуіне де 20 789 теңгеден төленеді", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары.

oinet.kz