Weekend

Қазіргі қоғамға ғылым керек пе?!

Ғылым даму

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ғылым табиғаттың, қоғамның және ойлаудың даму заңдылықтары туралы қалыптасқан білім жүйесі. Адамзаттың ғаламдық проблемалары бар, олар қазір шешімді талап етіледі.

Ең алдымен, энергия өндірісі мен тұтыну проблемалары, азық-түлік пен тұщы сумен барлық континенттерді қамтамасыз ету проблемалары, қоршаған ортаны ластау проблемалары және тағы басқалар туралы күнделікті газеттер жазады деп ойлаймын. Өкініштісі, ғылым жайы ешкімді қызықтырмайды...

Ғылым сабақтары әрдайым бай болды. Бай қоғамдағы бай адамдар ғана «заттардың табиғаты туралы» ойлауға мүмкіндік бере алады. Осылайша, ғылымды меңгеру әлеуметтік тәртіп емес, жеке таңдау болды.

Әлемдегі алғашқы оқулықтар Птолемей тарапынан жазылған. Астрономия, география және оптика бойынша өз кітаптарында ол өз уақытты жазып қалдырған. Птоломей ғылыми мектебін жаулап алғанан кейін, 640 жылдан соң арабтар атақты Александрия кітапханасын өртеп жіберген. 1428 жылы Самарқандтың билеушісі және Темір әулетінің басшысы Ұлықбек уақыттың үздік обсерваториясын құрды. Ол тек 21 жыл бойы өмір сүрді, ал діни фанатиктер Ұлықбекті өлтіргеннен кейін обсерватория да  жойылды.

Жүз жыл өткен соң Фредерик II корольдің өтініші бойынша, Дат астрономы Тихо Брахенің Еуропадағы алғашқы Ураниборг обсерваториясы салынды. Обсерваторияның құрылысы үшін патша алтын салынған бөшкелерін өткізуге тура келеді (шамамен бір жарым миллион доллар). Бірақ бұл обсерватория ұзаққа бармай, соғыс кезінде барлық астрономиялық аспаптармен бірге өртеленеді.

Бұл шағын тарихи мысалдар менің ойымша, («білім жүйесі») әрқашан қоғамның тәртібімен емес, керісінші адамдардың қалауымен  қалыптасқанын дәлелдейді.

Бүгінгі ғылым дегеніміз не? Ломоносов, Фарадей немесе Максвеллдердің ұлы дәуірі  ұзаққа созылды. Қазіргі заманғы ғылым бүгінде ауқымды қондырғылармен жабдықталған.

Жалпы ғылымда ашылып жүрген дүниелерге тоқталсақ, ғарышқа ұшу, ұялы телефонмен сөйлесу (суасты қайықтарынан) т.б. Бізге осындай ғылым қажет пе? 

Қазіргі қоғам әртүрлі елдердің тарапына бөлінген. Кейбір елдер болашақта соғыс болады дегенді ойлап, өздерінің қару-жарақтарын түгендеп жүр. Ал енді бір елдер әртүрлі тәжірибелер жасап, көп қаражат түсіретін ғылыми жоба жасамақшы. Көп ғалымның арманы да осы болар. Ең бастысы көп қаражат түсіретін, өзін бүкіл әлемге танымал ететін жоба авторы болуды қалау. Сонда қоғам игілігі үшін кім ғылыммен шұғылданады?! Дегенмен көпке топырақ шашуға болмайды. Әркімнің өз бағыты, өз жолы бар. Болашақтан үмітімізді үзбейік, әлі де ғылымға үлес қосар жандар табылар...