Спорт

Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтед» командасынан кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Манчестер Юнайтед» футбол командасы мен Криштиану Роналду келісімшартты бұзды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ағылшын клубының ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Мәлімдемеге сүйенсек, Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтедтен» өзара келісім арқылы кетті.

«Клуб оған 346 матчта 145 гол соққан «Олд Траффорд» стадионындағы екі кезеңге қосқан үлесі үшін алғыс айтады. Оған және отбасына жақсылық тілейді.

«Манчестер Юнайтедтегі» барлық адам Эрик тен Хагтың басшылығымен команданың алға жылжуына үлес қоса береді. Біз бірлесіп жұмыс істеп, футбол алаңдарында толағай табысқа жетеміз» делінген клуб мәлімдемесінде.