Спорт

Бокстан әлемнің экс-чемпионы ауыр нокауттан соң көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлемнің экс-чемпионы, мексикалық Мойзес Фуэнтес 37 жасында қайтыс болды. Бұл қайғылы жаңалықты бүкіләлемдік бокс кеңесінің президенті (WBC) Маурисио Сулейман әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Мойзес Фуэнтес өмірден өтті. Ол соңғы демі қалғанша айқасатын нағыз батыр еді. Отбасы мен достарына қайғыра көңіл айтамыз», –  деп жазды ол Twitter-де.

Фуэнтес жеңіл салмақта 25 жекпе-жек өткізіп, 14 кездесуді нокаутпен жеңген. Сондай-ақ 2011 жылы отандасы Рауль Гарсияны жеңіп, WBO белбеуін иеленді.

2021 жылдың қазан айында Фуэнтес отандасы Давид Куэльярамен айқасып, 6-раундта нокаутқа түсті. Содан ол комаға түсіп, есін жимады. Мойзес бір жылдан астам өмірі үшін күрескен еді.