Спорт

Данияр Елеусінов әлемдік рейтингте жоғарылады

Боксшы BoxRec рейтингінде 48 сатыға көтерілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов BoxRec бойынша әлемдік рейтингте позициясын жақсартты, – деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

Таяуда Елеусінов сегіз раундтық кездесу өткізіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі бойынша мексикалық Сильверио Ортисті жеңді.
Осы жеңістен соң отандасымыз BoxRec рейтингінде жартылай орта салмақта 185-орыннан 137-орынға көтерілді. Ал Ортис рейтингте айтарлықтай төмен түсті. Жеңілістен соң ол 314-орыннан 500-орынға бір-ақ шықты.
Елеусіновтың салмағында WBO чемпионы американдық Теренс Кроуфорд көш бастап тұр. Қазақстандықтар арасында 101-орында келе жатқан Бобыржан Момынов қана Даниярдан алда келе жатыр.
Елеусінов кәсәпқой бокста алғаш рет сәуір айында өнер көрсеткен. Алты жекпе-жектің үшеуін АҚШ-та, екеуін Ұлыбританияда және біреуін Монакода өткізген.