Әлем

Франция президенті Илон Маскпен кездесті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Франция президенті Эммануэль Макрон америкалық кәсіпкер Илон Маскпен кездескенін айтты. Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Француз көшбасшысының айтуынша, ол кәсіпкермен нақты әрі шынайы сұхбаттасқан. Атап айтқанда, олар Маскқа тиесілі Twitter әлеуметтік желісіндегі мазмұнды модерациялауды күшейту және сөз бостандығын қорғауды талқылады. Макрон Интернеттегі балаларды қорғауды жақсарту үшін платформамен жұмыс істейтіндерін баса айтты.

Сонымен қатар әңгімелесушілер өнеркәсіп саласына да тоқталды.

«Франция мен Еуропаны декарбонизациялау және қайта индустрияландыру жөніндегі амбицияларымызға сәйкес мен бүгін Илон Маскпен жасыл индустрия саласындағы болашақ жобаларды, атап айтқанда, электромобильдер мен аккумуляторларды өндіруді талқыладым», - деді Франция президенті. Сондай-ақ ол кәсіпкермен кездесудегі суретін жариялады.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Маскты елге келуге шақырып, одан кейін Ресеймен қақтығысты қалай тоқтату керегін ұсынуын сұраған. Мемлекет басшысының мәлімдемесі кәсіпкердің шиеленісті деэскалацияға қатысты бұрынғы ұсыныстарынан кейін шықты.