Спорт

Жәнібек Әлімханұлы қос бірдей белбеу үшін жекпе-жек өткізеді

Жекпе-жек 12 сәуір күні АҚШ-тың Лос Анжделес қаласындағы «Staples Center» аренасында өтеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингтегі алтыншы жекпе-жегін өткізеді, – деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

Әлімханұлы 12 сәуір күні АҚШ-тың Лос Анжделес қаласындағы «Staples Center» аренасында WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеуі үшін мексикалық тәжірибелі боксшы Кристиан Олливаспен жұдырықтасады. 27 жастағы мексикалық кәсіпқой бокста 20 жекпе-жек өткізіп, оның 16-ын жеңген.

Айта кетейік, бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде ураиналық Василий Ломаченко (12-1, 9 КО) британдық Энтони Кроллға (34-6-3, 13 КО)  қарсы жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBA және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпиондық белбеулерін қорғайтын болады.