Әлем

New York Times журналистері соңғы 40 жылда алғаш ереуілге шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

New York Times журналистері соңғы 40 жылдағы алғашқы ірі ереуілге шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы TRT Russian ақапарт агенттігі.

Басылымның мәліметінше, мыңнан аса қызметкері жалақыны көтеруді және қашықтан жұмыс режимін қайтаруды талап еткен. 24 сағаттық наразылық акциясына New York Times-тің ең танымал журналистері де қосылған. Олар оқырмандарды бір тәулікке газетіне бойкот жариялауға шақырды.

New York Times гильдиясының мүшелері — 1400-ге жуық аталмыш басылым қызметкерлері, соның ішінде маркетинг және қауіпсіздік бөлімдерін қамтитын кәсіподақ ереуілге не үшін шыққандарын түсіндірді. Олардың айтуынша, жалақыны қайта қарау жөніндегі келіссөздер шу тудырған.

Акция жалғасып жатқанда, газет журналистері сұхбаттар беруден, ал фототілшілер түсірілімнен бас тартты. Сонымен қатар қызметкерлер оқырманды бір тәулік басылымның барлық өнімдеріне бойкот жариялауға шақырады.