Bugin

Ақтөбеде қорап ішінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

19 желтоқсанда Ақтөбе қаласының көпқабатты үйдің жанынан қағаз қорапқа салынған баланың өлі денесі табылған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, оқиға кеше сағат 22:05-те Ақтөбе қаласының Ғ.Жұбанова көшесі маңында болған. Осы іс бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, жаңа туған ер баланың мәйітін анықтады

ҚР қылмыстық кодексінің 100-бабы («Ананың жаңа туған баланы өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Анасының жеке басын анықтау үшін жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.