Bugin

Ресей мен Қазақстан шекарасында азық-түліктің ірі партиясы ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей мен Қазақстан шекарасында өнімнің үлкен партиясы ұсталды, деп хабарлайды Россельхознадзордың Омбы облысы бойынша департаменті.

«2022 жылдың 20 желтоқсанында Россельхознадзордың Омбы облысы бойынша басқармасының Исилкульский БПҰ-ның мамандары жалпы салмағы 1510 келі болатын мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудағы өнімдерді тасымалдайтын үш көлікті ұстады», - делінген хабарламада.

Омбыдан Петропавлға 840 келі бал тасымалдау әрекеті болды. Ресей Федерациясының азаматы мінген екінші көлік Омбыдан Астанаға 336 келі ысталған балық тасымалдаған. Сондай-ақ біздің азаматша Омбыдан Петропавлға 334 келі шұжық алып өтпек болған.

Оларда шекарадан өтуге қажетті Кедендік одақтың ветеринариялық сертификаттары болмаған.

«Көліктер ұсталды, одан әрі өнімдерін тасымалдауға тыйым салынды, тауарлар Ресей Федерациясының аумағына қайтарылды», - делінген хабарламада.

Россельхознадзордың Омбы облысы бойынша басқармасы құқық бұзушыларды Ресей Федерациясының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартты.