Bugin

Алматыда автобус қолма-қол ақша тасымалдайтын инкассатор көлігіне соқтығысты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда автобус инкассатор көлігіне соғылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. Оқиға Абай даңғылында болған. 

Желіде апат орнында түсірілген видео пайда болды.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kris P Brothers Almaty (@kris__p__almaty)

Жергілікті полиция қызметі кезекші бөлімінің мәліметінше, оқиға 25 желтоқсанда таңғы сағат 7:40-та Алматының Алмалы ауданында болған.

«Жүргізуші 1982 жылы туған азамат Д., Абай даңғылында «ГАЗ» автокөлігін жүргізіп, 1967 жылы туған азамат А. басқарған Golden Dragon автобусымен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «ГАЗ» автокөлігінің жүргізушісі зардап шекті. Оны медицина қызметкерлері тексеріп, ауруханаға жатқызуды қажет етпеді. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.