Bugin

Тоқаев жаңа мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Енді азаматтарымыз Конституцияға қайшы келетін нормаларды заңсыз деп тану үшін Конституциялық сотқа тікелей өздері шағымдана алады. Бұл туралы Президент Тоқаев Конституциялық Сот судьяларымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Мемлекет басшысының айтуынша, Конституциялық Сот барлық заңдар мен заңға сәйкес актілердің Конституцияға сәйкестігін қамтамасыз етуге тиіс.

«Шын мәнінде, Конституциялық Сот – еліміз үшін өте маңызды институт. Енді азаматтарымыз Конституцияға қайшы келетін нормаларды заңсыз деп тану үшін Конституциялық сотқа тікелей өздері шағымдана алады», - деді президент.