Спорт

Еуро-2020: Қазақстан құрамасы Шотландияны ойсырата жеңді

Тарихи жеңіс құтты болсын!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2020 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңін жеңіспен бастады. Топтағы алғашқы ойында отандастарымыз Шотландияны ойсырата ұтты.

"Астана Аренада" өткен ойында қазақстандық футболшылар қарсыластарын 3:0 есебімен жеңді. Жаңа жаттықтырушы Михал Билек өзінің алғашқы ресми ойынында командамен жеңіске бастар жолды тапты.

Ойындағы алғашқы голды, жалпы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі алғашқы голды Юрий Перцух соқты.

6 минутта Александр Меркель берген пасты сәтті пайдаланып, есеп ашты. Ал араға 4 минут сала Ян Вороговский есепті еселеді.

Екінші тайм басында Ресейдің "Ростов" командасында ойнайтын Бахтиер Зайнутдинов есепті еселеді. Гафуржан Сүйімбаевтың әуелете асырған добын баспен қарсылас қақпасына тоғытты. Есеп 3:0.

Таблодағы нәтиже сақталып, Қазақстан құрамасы айқын жеңіске жетті. 3 ұпаймен топта көш басына шықты.

Қазақстан ұлттық құрамасы келесі ойынын 24 наурыз күні Ресей құрамасымен кездеседі.