Спорт

Аңыздар айқасы: Роналду мен Месси командалары кездеседі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Аты аңызға айналған Лионель Месси мен Криштиану Роналду бір-біріне қарсы ойнауы мүмкін. 19 қаңтарда Францияның «Пари Сен-Жермен» және Сауд Арабияның «Аль-Наср» командалары жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Париждік клуб қысқы оқу-жаттығу жиынының күнтізбесін жариялады. Құрама дайындықты жылда Сауд Арабиясы және Қатарда өткізіп келеді.

«ПСЖ» 17 қаңтарда Қатар астанасы Доха қаласына келеді. Онда 2022 жылғы әлем чемпионаты өткен стадиондардың бірінде жаттығу жұмыстарын жасайды. Одан кейін 19 қаңтарда жергілікті «Аль-Наср» және «Аль-Хиляль» клубтарына қарсы жолдастық кездесу өткізеді. Содан кейін қайтадан Парижге аттанып кетеді.

Еске салайық, жақында ғана португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» келісім-шарт жасаған.