Әлем

«Мұндай жағдай 1200 жылда болған емес»: АҚШ келе жатқан апат туралы ескертті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Америка Құрама Штаттарының батысы ұзаққа созылған мега-қуаңшылықты бастан кешіп жатыр. Бұл бүкіл аймақтағы су ресурстарына қатты қысым жасайды. Сарапшылардың пікірінше, алдағы 10-20 жылда жағдай өзгермесе, аталмыш жағдайдың кесірінен бүкіл ел апатты зардап шегуі мүмкін. Бұл туралы Newsweek журналындағы мақалада жазылған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ғалымдардың айтуынша, Құрама Штаттардың құрлықтағы 65 пайызы құрғақшылықтың қандай да бір түрін бастан кешіріп жатыр.

«Ең көп зардап шеккен штаттардың қатарында Юта, Орегон, Небраска, Канзас және Оклахома бар, олардың барлығында қатты құрғақшылық болған», - деп жазады басылым.

Ғалым Рик Райлидің айтуынша, аймақ  соңғы 1200 жылда болмаған ерекше құрғақшылықты бастан кешіп жатыр. 

Қоршаған ортаны және энергияны басқару институтының жетекшісі Джонатан Дисон тағы бір он екі жыл құрғақшылық сулы горизонттарды айтарлықтай сарқып тастайтынын ескертті. Мұның әсерінен жер асты сулары ресурстарын жоғалтып қана қоймай, сонымен қатар жер шөге бастайды. Бұдан қоғамдық инфрақұрылымға жалпы зиян келеді.

Мега-құрғақшылық кейбір аудандарда ауыз су тапшылығын туғызып, оның сапасын төмендетеді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы дақылдары, өнеркәсіп және үй шаруашылықтары үшін қолжетімді су көлемін азайтады.

Сарапшылардың болжауынша, АҚШ-та қатты құрғақшылық кезеңі 2030 жылға дейін жалғасуы мүмкін.