Bugin

Жастарға арналған 2,5%-дық несие беру қашан басталады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Наурыз айынан бастап жастарға арналған 2,5%-дық несие беріледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (кредитке – автор) ережелерді толық дайындадық. Бұйрықтар шықты. Әділет министрлігінен тіркеуден өтті. Қазір жастарға арналған 2,5%-дық несиеге біз жауап береміз. Алайда 2,5%-дық несие Ауыл шаруашылығы министрлігі де де бар. Біз бұл мәселеге қатысты толық шешім қабылдадық", –  деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов.

Одан бөлек, вице-министр ақпанда тиісті келісімдерге қол қойылатынын айтты. 

“Оның мерзімі бар. Осы айда жергілікті атқарушы органдары және Қаржы министрлігімен кредиттік келісімге қол қоямыз. Келесі айдан бастап кредит беруді бастаймыз. Ешқандай проблема жоқ. 2,5%-дық несие 5 млн теңгеге дейін беріледі”, - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов.

Еске салайық, 2022 жылы президент 1 қыркүйектегі жолдауында жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін жылдық 2,5% жеңілдікпен микрокредит беруді тапсырған еді.