Әлем

"Сирия үшін ештеңе жоқ": Неліктен Сирияға өзге мемлекеттер көмектеспей жатыр?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сирия президентінің кеңесшісі Бусейна Шаабан Батыс елдерінің жер сілкінісінен кейін Сирия үкіметіне көмек көрсетпей, тек лаңкестер мен оппозиция бақылауындағы аумақтарға ғана қолдау жіберетінін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы РИА басылымына сілтеме жасап.

  "Өкінішке қарай, Батыс тек лаңкестер орналасқан, "ақ дулығалылар" орналасқан аймақтарды ғана ойлайды, бірақ олар сириялықтардың басым бөлігі тұратын аймақтарды ойламайды...  АҚШ пен Еуропа тек соларды қолдауда.  Ақшаның көп бөлігі, барлық құрал-жабдықтар Түркияға Еуропадан және АҚШ-тан жіберілді. Еуропадан Сирия үшін ештеңе жоқ", -  деді Шаабан Sky News британдық телеарнасына.

Бұған дейін БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі әл-Мұстафа Бенламлих Сирия үкіметін саясатты бір жаққа қойып, Сириядағы гуманитарлық миссияны жеңілдету үшін елдің оппозиция бақылауындағы солтүстік-батыс аймағына кіруге рұқсат беруге шақырған.

Соңғы мәліметтерге сәйкес Түркиядағы жер сілкінісінен кейін Түркия мен Сирияда қаза тапқандардың саны 16000-нан асты.

Еуроодақ комиссия өкілі Балаз Уивари Сирияға жер сілкінісінің салдарын жою үшін көмек жібермейді, өйткені Дамаскіден сұрау жоқ деп хабарлады.