Bugin

"Қазақ батыры": Көкпар ойнаған 14 жастағы неміс баласы Қазнетті шулатуда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Николай есімді баланың көкпар ойнап жатқан видеосы TikTok желісінде танымал болуда, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Сахна артындағы ер адам баладан аты-жөнін, ұлтын және жасы нешеде екенін сұрайды.

«Николай, неміс, 14 жаста», - деп жауап берген жасөспірім бір-екі жылдан бері көкпармен айналысып жүргенін де ашық айтады.

Бейнежазбаның Алматы облысы, Кеген ауданында түсірілгені анықталды.

"Бұлар дұрыс өскен жастар", "Далада ата-бабамыздың бәрі сондай қайратты болып өсті", "Жарайсың, қазақша мінсіз сөйлейді", "Тіпті нағыз қазақ батырына ұқсайды", "Жаны қазақ" , - деп қазақстандықтар пікір қалдыруда.