Әлем

Тарихтағы екіге бөлініп кеткен мемлекеттер

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бөлінгенді бөрі жейді, жарылғанды жау жейді. Қазақ баланы ерте кезден "жеті атасын білмеген – жетесіз" деп жаттатып үйреткен, дегенмен бастысы бәріміз бір ұлт екенімізді де санаға құйып өсіреді. Дей тұрғанмен әлем елдерінде бір халық болып өмір сүріп, уақыт өте өзара бөлініп кеткен мемлекеттердің мысалдары жетерлік.

Мәселен, Германия 1949 жылы Германия Демократиялық Республикасы және Германия Федеративті Республикасы болып екіге бөлінді. Тек араға 50 жыл салып, 1990 жылы ғана қайта бірікті. Мемелекеттің екіге бөлінуі біраз уақыт елдің әлеуметтік-эконмикалық жағдайына өз кесірін тигізгені рас.
Вьетнам 1954 жылы оңтүстік және солтүстік болып өзара бөлініп, қиын кезеңді басынан өткерді. Қуанышқа орай, 1976 жылы қайта қосылды. 
Корея 1945 жылдың 10 тамызында Корей түбегінің оңтүстігінде – Корея Республикасы, ал солтүстігінде – Корей Халық Демократиялық Республикасы (КХДР) болып өзара жарылды. Екінші елдің бейресми атауы – Солтүстік Корея. Екі ел әлі күнге дейін өзара қырғиқабақ.
1947 жылы да әлем картасында үлкен өзгерістер орын алып, Үндістан мен Пәкістан болып екіге бөлініп кетті. Сондай-ақ, 1971 жылы Бангладеш Пәкістаннан өз еншісін алды.
Соңғы болып екіге бөлінген мемлекет Судан. Оңтүстік Судан өз тәуелсіздігін 2011 жылдың 9 шілдесінде алды. Осылайша, БҰҰ құрамына 193-мемлекет болып кірді.