Bugin

Петропавлда жатақханадан өрт шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Петропавлда секциялық типтегі жатақханада өрт шығып, құтқарушылар 107 адамды эвакуациялады, оның ішінде 13-і – бала, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Өрт бес қабатты үйдің екінші қабатындағы бөлмеде шыққан. Өрт аумағы -20 шаршы метр.

"Оқиға орнында 41 адам жұмыс істеді, 13 техника жұмылдырылды. 107 адам эвакуацияланды, оның ішінде 13-і – бала. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталып жатыр" делінген хабарламада.

Айта кетсек, ғимараттың бірінші қабатында барбершоп, мейрамхана және банк филиалы орналасқан.