Әлем

Түркияда қайталанған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны өсуде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркия мен Сирияның шекаралас аймақтарында болған жер сілкінісі салдарынан алты адам қаза тапты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы CNN Turk арнасына сілтеме жасап.

Дүйсенбі күні магнитудасы 6,4 болатын жер сілкінісі Түркияның оңтүстігіндегі Антакия қаласына жақын жерде болды және Сирия, Мысыр және Ливанда сезілді. Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, ол 10 шақырым тереңдікте болған.

Түркия Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа екінші жер сілкінісінен 6 адамның қаза тапқанын, 294 адамның жараланғанын, 18 адамның ауыр жарақат алғанын және олардың Адана мен Дортёл ауруханаларына жеткізілгенін айтты.

Түркияда екі апта бұрын болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 41 156-ға жетті, деп хабарлайды Түркия Апаттардың алдын алу және әрекет ету басқармасы (AFAD) және одан әлі артады деп күтілуде. Табиғи апат құрбандарының жалпы саны, Сирияны қоса алғанда, қазір 45 000-нан асты.