Bugin

92 жастағы академик ұзақ өмір сүруінің құпиясын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов Facebook-тегі парақшасында ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Ұзақ өмір сүру пендеге Құдайдан берілетін тылсым дүние ғой. Ал денсаулықты күту – өмір сапасын жақсартудың кепілі. Мен анамды алты жасыма дейін емген адаммын. Балалармен ойнап жүріп, шешемді көріп қалсам, омырауына жабыса кететінмін. Бірге ойнаған достарым бұл үшін мені әжуалағанда «сендерге көрсетемін» деп жұдырығымды түйсем жым болатын. Анамның ақ сүтінің арқасында шымыр әрі күшті болып өстім. Әр нәрсені қалыптап берген халқымыз «уызға жарымаған» деген сөзді тегін айтпаса керек. Баланы емшектен ерте шығармай, мейірі қанғанша емізу денсаулығының мықты болуына зор ықпал ететінін түсінуіміз керек» деп жазды ғалым.

Еске салайық, академик 1930 жылы 19 қазанда дүниеге келген.