Спорт

Өзбек боксшысы Жалоловтың қарсыластары шаршы алаңға шығудан неге қашты?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейлік «неКАРАтэ» Youtube-арнасы бокстан Болгарияның астанасы София қаласында Странджа кубогы үшін өткен халықаралық турнирде өзбекстандық ауыр салмақты былғары қолғап шебері Баходир Жалоловқа қарсы спортшылардың шаршы алаңға шықпай қалу себебін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, жақында «Кіші әлем чемпионаты» аталып кеткен турнирде Жалоловтың үш бірдей қарсыласы кездесуден бас тартқан болатын. Сөйтіп, өзбек боксшысы жалғыз жекпе-жек қана өткізіп, турнирдің жеңімпазы атанған. Әуелі ширек финалда отандасымыз Қамшыбек Қоңқабаев Жалоловпен қолғап түйістіруден бас тартты. Оның себебін Қазақстан бокс федерациясы түсіндірген де болды.

Қоңқабаев жарақатына байланысты жекпе-жекке шықпады, – делінген хабарламада.

Одан кейін жартылай финалда Әзербайжан өкілі Махаммад Абдуллаев, финалда армениялық Давит Чалоян өзбек боксшысымен кездесуден бас тартты.

Ресейлік «неКАРАтэ» Youtube-арнасында шыққан материалға қарағанда, өзбек боксшысының қарсыластары ауыр жарақат алудан қауіптеніп, онымен жұдырықтасқысы келмеген.

Әлбетте, Жалоловқа қарсы шыққандар одан жеңіледі. Жеңілгенде, жарақат алып ұтылады. Сондықтан жаттықтырушылар өз сарбаздарын қорғап қалды. «Странджа» турнирінде қаржылай жүлде қоры көп емес. Сол үшін жапа шеккілері келмейді, – делінген видеода.

Видеодан белгілі болғандай, Жалоловпен спаррингке шыққандар мұрындарын сындырып жатады. Оның соққысынан кейін бірден терең ұйқыға кетуге болады. Сол үшін көбісі бокстасудан қашады. Өйткені жарақат алуы мүмкін.