Bugin

БҚО-да қос қолынан айырылған баланың отбасы 30 миллион теңге өтемақы алады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық соты 56 жастағы Ақжайық аудандық электр станциясының бұрынғы басшысы Бауыржан Биғалиевке қатысты үкім шығарды деп хабарлайды Bugin.kz порталы  "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Ер адамға қайғылы жағдайға әкеліп соқтырған қызметтік міндеттеріне немқұрайлы қарады деген айып тағылды.

Еске салайық, қайғылы оқиға 2022 жылғы 24 мамырда Жанғалы ауданы, Жаңақазан ауылында болған еді. 4 жасар Аманжол Орынбекұлын қатты ток соққан, екі қолынан айырылды. Енді оған ұзақ оңалту және мүгедектік тіркеуі қажет. 

Сот аудандық электр станциясының экс-басшысын кінәлі деп танып, үш жыл мерзімге энергетика саласында басшылық қызмет атқару құқығынан айыра отырып, екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сонымен қатар судья Әлібек Нұрғалиев баланың анасының азаматтық талап арызын ішінара қанағаттандыру туралы шешім шығарды. Осылайша ZapKaz REK ЖШС моральдық шығын үшін Аманжол Орынбекұлының анасына 30 миллион теңге төлеуге тиіс.

Дегенмен Бауыржан Биғалиев сот шешімімен келіспеді. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ және оған шағым жасауға болады.