Weekend

Ринат Зайытов: Мыналар шындықты айтып қояды деп... (Видео)

Айтыстың көркін қыздыратын – ақиқат

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Жыр арқауы – Астана» атты халықаралық айтыс мәресіне жетіп, елдің көңілінен шыққан Мұхтар Ниязов пен Ринат Зайытов Бас бәйгені алды.

 

Халықаралық деңгейде өткен айтысқа ҚР-ның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзі келіп қатысты.

Тарысты доданың бас бәйгесін беру біраз қиындық тудырғанымен, ақыры шешім бірауыздан қабылданып, 1-орын емес, қос бірдей Бас жүлде берілді. Бас жүлде алған әр ақынға 7 миллион теңгеден қаржылай сыйлық табысталды.

Мәселе берілген ақшаның құнында емес, айтыста айтылған ащы шындық пен аталы сөздің қадірінде болды. Шаппа-шап айтысып, көрерменнің көзайымына айналған Ринат Зайытовтың Павлодар, Петропавл секілді қалалардың атауын өзгертуге байланысты министрге «өтініш» деп тұрып айтқан сөзін ұсынып отырмыз.

Тек қазақша атау мәселесі емес, Тұңғышбайды ақтау туралы да ойы көпшіліктің көңілінен шықты.