Bugin

Әз-Наурыз: 1997 жылы түсірген деректі фильм жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президент Телерадиокешені YouTube арнасында 1997 жылы түсірген «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз» деректі фильмінен үзінді жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

"Наурыз - әлемнің көне мерекелерінің бірі. "Наурыз" сөзі парсы тілінен аударғанда "Жаңа күн" деген мағынаны береді. Наурыз мерекесінің туу тарихы турасында талас көп. Көбі ел аузындағы аңызға жүгінеді, аңыздың өзі сан алуан. Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені 1997 жылы түсірген «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз» деректі фильмі үзіндісін YouTube арнамыздан көріңіздер", - делінген хабарламада.

"Наурыз келді. Жыл басы халық даналығының айғағы. Ол дәстүр мен ырымды, тәжірибе мен болжамды айшықты ой дүниесіне айналдырған философиялық сырбаздық та, тіршілік тудырған ең үздік ғылымдар мәйегін қарапайым ел ұғымымен кестелеген заңдылықтар кеніші де. Наурыз - халық даналығының ұлы тоғысы, л санасының бастау көзі, ұлыстың ұлы күні", - делінген видеода.