Білім және ғылым

NIS-тің жас зерттеушілерінің тың жобалары Наурыз кездесулерінде үздік деп танылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

17 наурыз күні XII Наурыз кездесулері өз мәресіне жетті. Байрақты бәсеке нәтижесі бойынша Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушылары Абзал Серікбай мен Цай Анастасия жүлделі III орынды жеңіп алды.

Үздіктер арасынан топ жарған Абзал Серікбайдың жұмысы мүмкіндігі шектеулі адамдарға сапалы протезді қолжетімді бағаға алуға бағытталған.

Kinetic Hand - бұл 3д принтрде шығарылған экзо-протез. Протездің басты артықшылығы - протездің құны мен оның экологиялылығында. Жобаны дайындау барысында мен NinjaFlex материялын қолдану арқылы протездегі механизмдердің санын төмендетіп, толықтай буынның қозғалысын механикалық түрде қимылға келтіруге мүмкіндік алдым. Жалпы жоба мүмкіндігі шектеулі адамдарға сапалы протезді қолжетімді бағаға алуға негізделген, - дейді зияткер.

Ал медицина саласындағы білімді кеңейтуге бағытталған жоба авторы Цай Анастасия жұмысының дәрі-дәрмектердің қасиеттерін жетілдіруге және  жаңа иондық қосылыс алуға айтулы үлес қосатындығына кәміл сенімді.

Менің  «Жасанды метил димедролының синтезі» тақырыбында жоба жасауымның негізгі себебі еліміздегі фармацевтика саласын дәрі-дәрмектерді жетілдіру арқылы дамыту болып табылады. Атап айтар болсам, осы уақытқа дейін белгісіз қасиеттері бар заттардың жаңа синтезін табу маңызды деп санаймын, - деп бөлісті оқушы.