Bugin

62 жастағы әйелді мерт қылған жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

9 наурыз күні Қарағанды қаласының Магнитогорск көшесіндегі автобус аялдамасының маңында экскаватор жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы полицияға сілтеме жасап.

Жол апатынан 62 жастағы әйел оқиға орынында мерт болған.

Ал оны қағып кеткен жүргізуші ол жерден қашып кеткен. Аталған дерек бойынша қалалық полицияның барлық жеке құрамына бағыттама берілді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жаяу жүргіншіні қағып кетті деген күдікпен 61 жастағы экскаватор жүргізушісі ұсталды.

ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.