Әлем

Мексикада әуе шары өртеніп, екі адам көз жұмды (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мексикада әуе шары өртеніп, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Мексиканың Мехико штатындағы Сан-Хуан-Теотиуакан археологиялық орнында әуе шары өртеніп, екі адам қаза тапқан.

Сонымен қатар қайғылы оқиға салдарынан бір қыз бала зардап шекті.

Fuerza Informativa Azteca агенттігінің мәліметінше, Мехико қаласында тұратын 39 жастағы әйел мен 50 жастағы ер адам қайтыс болды. Зардап шеккен қыздың беті мен аяқ-қолдарын бірінші және екінші дәрежелі күйік шалып, оң жақ иық сүйегі сынған. Оны Ахапуско атындағы ауруханаға жеткізген.