Әлем

Өзбекстанда келінінің басын кесіп тастаған ер адам 13 жылға сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өзбекстанда 64 жастағы ер адам келінін өлтіріп, басын кесіп тастағаны үшін 13 жыл 2 айға сотталды деп хабарлайды Bugin.kz порталы Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.

Қайын атасы келініне “тамақты дәмді етіп дайындауды бұйырған”. Жанжал кезінде келіні тек істей алатын тамақты дайындайтынын және қандай бәрі жеуі керегін айтқан. Кейін әйел есікті қатты жапқанда есіктің әйнегі сынып кеткен. 

Тергеу нұсқасына сәйкес, қайын атасы келінінің бұл қылығына ашуланып, асүйде болған әйелдің желкесінен ұрған. Салдарынан келіні есінен танып қалған. Кейін таулы аймаққа алып барып, асүй пышағымен жерде жатқан келінінің "мойнынан кескен". Басын пакетке салып, Файзобод ауылындағы "Тожиали обод" шаруашылығының аумағындағы аршаға жасырған. Ал денесін қоқысқа лақтырып жіберген 

Ферғана облысының аудандық сотының үкімі бойынша, ер адам "Қасақана қорлап, кісі өлтіру" және "Мәйітті қорлау" баптары бойынша кінәлі деп танылды. Сот шешімімен зейнеткер 13 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.