Bugin

Қосшыда ата-аналар мектеп асханасында оқушыларға қалдық тағам берілгенін мәлімдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қосшы қаласында оқушыларды қалдықтармен тамақтанғандырған мектепке ата-аналар шағымдануда. Ал білім ордасы басшылығы бұл жалған ақпаратты мектеп асханасының жұмыстан босатылған қызметкерлерінің әдейі таратқанын айтып ақталуда.

Қосшы қаласындағы №2 мектепте асхана қызметкерлері жартылай желінген қалдық екі тағамды бір-біріне қосып жаңартқандай қылып өзге оқушыларға ұсынған. Оның видеосы желіге тарап ата-аналар тарапынан үлкен жанжал шықты. Бұл мектепте 5 мыңға жуық бала оқиды, ал тамақ сапасына қатысты шағымдар түсіп үлгерген.

“Балам келді де, үйдегі кілемнің үстінде лоқси бастады. Мен шелек қойып үлгердім. Ал ол мектептен пицца жегенін айтты", - деді Райхан Сәдуақасова.

Асхана директоры мұның бәрі бұрынғы қызметкерлердің ісі екеніне сенімді. Олар жұмыстан шығарылғаны үшін кек алу мақсатында қалдықтармен тамақ ұсынып, барлығын видеоға түсіріп, мектеп оқушыларының ата-аналарына жіберген.

“Бұл менің кінәм емес. Бұл – жала. Мен қызметкерге тазалық кітапшасын толтырып, жаңартуын талап еттім. Ал ол бас тартып қарсылық көрсетті.  Кейін мен онымен бұлай жұмыс істей алмайтынымды, егер СЭС келсе жағдайдың қиын болатынын айттым. Содан кейін ол осындай әрекет істеп тұр",- деді жеке кәсіпкер Нейла Дүйсенова. 

Мектеп әкімшілігінің өзі директор, медицина қызметкері және мұғалімдерден тұратын арнайы комиссия тамақтың сапасын үнемі тексеріп отыратынын, ал ата-аналар директордың рұқсатымен асхананы аралай алатынын түсіндірді.

Мектеп асханасын жалға алушы бейнеролик авторларын жала жауып, іскерлік беделге нұқсан келтірді деп сотқа бермекші. Ата-аналар жағдайды реттеп, кінәлілерді жазалауды талап етеді.