ДАМУ

Бизнес идеяға арналған 10 кеңес

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 

Дұрыс бизнес идея табу жаңа үйге жақсы іргетас қалаумен бірдей. Сондықтан бизнес идея табу үшін бар күшіңізді салыңыз. Сізге арналған бизнес идеяларды топтастырдық.

1. Идея іздеуді адамдармен жаппай қарым-қатынаста мақсатты түрде жүргізіңіз. Коммуникация – бизнес кілті;

2. Кез-келген бизнес идеяны гипотеза ретінде тестен өткізіп көріңіз. Ол үшін жиналған идеялны санаттарға бөле отырып, файлдар шкафын құрған жөн. Бір сәтте бар материалдың бәрі пайдалы болуы мүмкін;

3. Идеяның жетілуі мен қалыптасуы үшін уақыт қажет екенін есте сақтаңыз, содан кейін шешім қабылдап, нақты әрекеттерге көшу керек. Әр қадам үшін дедлайн белгілеп, дедлайнды қатаң сақтану керек;

4. Өзіңізді әлеуетті тұтынушының орнына қойыңыз және сіздің аймағыңызда оларға не жетіспейтінін талдаңыз. Бұл сіздің бірегей бизнес идеяңызды табу мүмкіндігін арттырады. Идея бірегей болмаса да, сіздің аймағыңыздағы бәсекелестікті бағалап, сәтті пайдалануға болатын бәсекелестік артықшылықтарды анықтаған жөн;

5. Бизнесте өз қабілетіңізді, мықты тұсыңызды түсіну маңызды;

6. Іскерлік идеяны қалыптастыру – бұл ақпарат жинау және нұсқа іздеу ғана емес, сонымен қатар нақты іс-әрекетке және кәсіпкердің қолда бар бастапқы мүмкіндігіне бағытталған бизнесті жоспарлау;

7. Сіздің жеке және қаржылық-ұйымдастырушылық қабілетіңіз үшін қандай бизнес түріне артықшылық беретінін біле отырып, бизнес-идеяны іздеу секторын дұрыс бағытта жүргізе аласыз;

8. Сіздің идеяға ұқсас бизнес түрін жүргізетін тұлғаларды зерттеңіз;

9. Аналогтары жоқ түпнұсқа идеяларды жүзеге асыру қиынырақ. Бұл сәтте тәжірибенің жоқтығы едәуір әсер етеді. Мұндай жобалар, әдетте, банктер мен инвесторлар сенімді прецеденттердің болмауына байланысты қаржыландыруға әрең келісетін үлкен инвестицияларды қажет етеді. Бірақ, дәл осындай идеялар ең үлкен капиталды алуға мүмкіндік береді;

10. Есте сақтаңыз, ең үлкен капитал – бұл сіздің мақсатыңызға жетуге деген ұмтылысыңыз, соңғы шешіміңіз және еңбекқорлығыңыз.

Сәттілік, болашақ бизнесмен!

 

Акпанов Айдос Калдыбайұлы