Bugin

Астанада ер адам құрылыс кранына шығып, өзін өртемек болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны наразылық ретінде Астанадағы құрылыс кранына шығып, өзін өртеп жіберемін деп қорқытқан.

Руслан Мұстафин Жамбыл ауданы әкімдігінен шаруа қожалығына арналған өзінің ірі жер учаскесін қайтаруды талап етті. 

Бұл оқиғаға қатысты елорда полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"Осы жылдың 24 сәуірінде сағат 11.39-да 102-арнаға ер адамның мұнара кранына көтерілгені туралы қоңырау түсті. Бұл жерге шұғыл қызметтер дереу жіберілді", - деп түсіндірді ведомство.

Полиция қоғамдық тәртіпті бұзушының іс-әрекетінің себебі анықталып, оған құқықтық баға берілетінін айтты.