ДАМУ

"Балам зерек болсын" десеңіз: Жаңғақтың пайдасын білесіз бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қонақ келгенде дастарханға қойылатын тағамның бірі – жаңғақ. Ал жаңғақтың қырық түрлі аурудың алдын алатын ерекше қасиеті барын білесіз бе?

Әдетте біз бен сіз көп қолданатын грек жаңғағы мен кешью жаңғағы. Грециядан келгендіктен аты да солай болса керек. Bugin.kz порталы мамандардың айтқанына сүйене отырып, осы жемістің пайдасын зерттеп көрді.

«Балам зерек болсын» десеңіз...

Балам ақылды әрі зерек болсын десеңіз, күн сайын таңертең ашқарынға бір-екі дана жаңғақ шағып беріңіз. Себебі, жаңғақ ми қызметін күшейтетін дақылға жатады. Ал грек жаңғағының майы қатерлі ісік ауруына, атеросклероз бен жүректің ишемиялық ауруларына ем бола алады.

passion.ru

passion.ru

Жаңғақ дәнінен 600 грамм, қара бұршақтан 300 грамм майдалап турап, оны балға араластырып күніне екі реттен ешсеңіз: ішекті дымқылдандырып, дене әлсіздігіне, белдің сыздап ауыруына, бас айналып, құлақ шыңылдағанда пайдасы зор әрі бүйректі қуаттандырады.

 

Жапырағы да ем

Біле білсеңіз, жаңғақтың жапырағы мен жас тамыры да ем. Керек десеңіз, дән арасын бөліп тұратын жұқа «қабырғасы» денсаулықты түзеуде пайдасы мол тұнба.

alcofanshop.com

alcofanshop.com

Кептіріліп, ұнтақталған жаңғақ дәнінің бір қасығын жарты литр суға салып, 1-2 минут­ қайнатып, бір тәулік тұндырып, күніне 30 грамнан үш рет үзіліссіз 2-3 ай ішіп жүрген адам қант диабетінен айығатын көрінеді.

Байқасаңыз, шағылған жаңғақтың пішіні адам миына ұқсайды. Бәлкім содан шығар, оның адам ағзасына берер артықшылығы көп.