ДАМУ

Жапон тағамы сушидың орасан зияны бар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Студенттердің сүйікті асына айналған суши тағамы Жапонияда пайда болған. 1820 жылы пайда болса да, өткен ғасырдың алпысыншы жылдары танымал бола бастады. Қазір қалаларда ғана емес, ауылдық жерлерде де түрлі нүктелері ашылып үлкен сұранысқа ие болуда. Тез дайындалатын жапон тағамының зиян тұстары да жоқ емес екен.

1. Сушиді төменгі санаттағы балық етінен жасайды
Суши пен пиццаны көбіне үйге дейін немесе жұмыс орнына алдыртады. Достармен әңгіме дүкен құрып отырып, суши жегенге не жетсін?! Бірақ тағамға қосылатын ең төменгі сорттағы теңіз өнімдері екенін екінің бірі білмейді. Оған бірнеше себеп бар. Мәселен, көптеген суши сататын орталықтарда сет бағасы арзан. Ал балықтың сапасы не себепті нашар? Табиғи жолмен өскен балықтың пайдасы баршылық, сәйкесінше қожалықтан алынатын балықтардың зияны көп. Түрлі витамин мен жылдам өсіруге арналған арнайы жемдерді аямай береді. Осыған қарап ақ қараны ажыратуға болады.

2. Балық құрамында бактерия көп
Бірнеше жыл бұрын балықты ең көп тұтынатын Норвегияда мамандар ел дүкендеріндегі өнім сапасын тексеріп көрген. Нәтижесі таңғаларлық, барлық өнімнің 71%-ынан адам ағзасына қауіпті бактериялар табылған. Бұл деген балықты өңдеуде үлкен қателіктер кететінін білдіреді. Ал Норвегия мен Қазақстан сапасын салыстыруға келмейді. 

3. Қосымша дәмдеуіштердің құрамында не бар?
Кез келген суши ыдысында соя соусы беріледі. Қазақтар "сушидың сорпасы" деп атап кеткен соус зиянды сұйықтық қатарына кіреді. Құрамында натрий көп болғандықтан, жүрек талмасына және қан қысымының көтерілуіне апарады.