Bugin

Шығыс Қазақстан облысында студент пен оқушы қыздың өлімі бойынша тергеу басталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шығыс Қазақстан облысында студент пен оқушы қыз белгісіз жағдайда қайтыс болды.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Алтай қаласында студент бала, ал Риддерде оқушы қыз көз жұмды. Жасөспірімдердің қалай қайтыс болғаны әзірше белгісіз. Облыстық білім беру басқармасы екі қаладағы трагедияны растады.

"Кәмелет жасқа толмағандардың қайтыс болғанын растаймыз. Біреуі студент, екіншісі – 6-сыныпта оқитын қыз. Екеуі де оқу сабақ кезінде емес, демалыс күндері қайтыс болған. Ол кезде барлық балалар үйде болды", - дейді басқарма басшысының орынбасары Алима Ақылбек.

Әзірше, трагедияның мән-жайы белгісіз. Білім басқармасының мамандары суицидті растаған жоқ. Қазіргі кезде полиция тергеу шараларын бастады.