Bugin

Қазақстанға Тәжікстан Президенті келді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды елорда әуежайында қарсы алды.

Мәртебелі қонақтың құрметіне әуежайда құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарлануда.

Осыған дейін Тәжікстан президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетіні хабарланған болатын.