Спорт

Бүгін бокстан әлем чемпионатында үш боксшымыз алтынға таласқа түседі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ташкент қаласында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін үш отандасымыз финалда өнер көрсетеді.

Астана уақытымен сағат 18.00-де басталатын әлем чемптонаты финалында алдымен 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Махмұд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Ойбек Джураевпен жұдырықтасады.

Төртінші жекпе-жекте ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 кг) тағы бір өзбекстандық Саиджамшид Джафаровпен рингке шығады.

Сондай-ақ 80 келіге дейінгі салмақта өтетін бәсеке қызықты болмақ. Онда Нұрбек Оралбай Қытай атынан шығатын қазақ жігіті Тоқтарбек Таңатханмен жекпе-жекке шығады.