Bugin

Ақтөбедегі дүрбелең: тегін донер таратқандар қалай жазаланды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Полицейлер Ақтөбеде тегін донер таратқандар қалай жазаланатынын хабар.

Қазнетте Ақтөбе қаласында жаңадан ашылған донер дүкені маңына жүздеген адамның жиналып, бір-бірін итеріп, жанжалмен тегін асқа ұмтылған сәтінен түсірілген видео тарады.

Кейіннен анықталғандай, кәсіпкер әлеуметтік желі арқылы дүкеннің ашылуына орай тағамның тегін таратылатынын хабарлаған. Кеше сағат 14:00-де сауда орнының ашылуы болып, оған бірқатар блогер шақырылған. Видеодан тегін тамақтану үшін келгендердің қарасы қалың екенін көруге болады. Жастардың топ-тобымен жүріп, бір-бірін таптап өтуге шақ қалған.

"Шараға жүздеген жастар жиналып, бір-бірін таптап өтуге шақ қалды. Бақытымызға қарай, ешкім зардап шеккен жоқ. Полиция қызметкерлері бұл шараны ұйымдастырушыларға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша хаттама толтып, кәсіпкерге 55 мың теңге айыппұл салынды", - деді облыстық ПД өкілдері.

Ведомство мәліметінше, уәде етілген тегін донер жиналғандардың барлығына жетпеген, өйткені акцияға үш жүзге жуық адам жиналған.