Спорт

"Манчестер Сити" "Реал Мадридті" ойсырата жеңіп, финалға шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Чемпиондар лигасы жартылай финалының қарымта кездесуінде "Манчестер Сити" (Англия) өз алаңында "Реалды" (Испания) 4:0 есебімен жеңді.

Бірінші кездесуде 1:1 есебі тіркелген еді. 

Осылайша, англиялық команда финалға жолдама алды. Ағылшындық клуб өз тарихында 2021 жылы тұңғыш мәрте финалға шыққан. Дегенмен, қарсыласына есе жіберіп, бас жүлдесіз қалды.

Финалда «Манчестер Сити» италиялық «Интермен» кездеседі.

Ескерте кетейік, Чемпиондар лигасының финалы 10 маусымда өтеді.