Спорт

«Бавария» Эрнандестің трансфері жайлы жариялады

Француз ойыншысы тарихтағы ең қымбат қорғаушы атанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мюнхендік «Бавария» 24 жасар француз қорғаушысы Лука Эрнандесті сатып алды. Мадридтік «Атлетико» клубының ойыншысы мюнхендік клубпен 2024 жылдың 30 маусымына дейін келісімшартқа отырды.

Француз қорғаушысы үшін неміс клубы € 80 млн еуро төледі. Бұл туралы «Баварияның» ресми сайты хабарлады.

Айта кетейік, Лука Эрнандес осы маусым аяқталғаннан кейін, 2019 жылдың 1 шілдесінде ресми түрде жаңа команда сапына қосылады.